• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 20:20:26
Алматы
+35°

17 Мамыр, 2018 Әлеумет

БАӘ-ге демалуға барған қазақстандықтар жаппай уланған

«Бір жыл бойы осы демалысқа ақша жинадық. Оның бәрін қайтарып аламыз», - деп күйінді астаналық Асылбек Мұхамбеткереев.

Шарджадағы Sheraton қонақүйінде қазақстандықтар жаппай уланған. Таңғы ас ішеміз деп, жағдайлары күрт нашарлаған отандастарымыз елге қайтып үлгерді. Олардың дені балалар. Демалуға барып, дертке шалдығып қайтқан азаматтар бар шығындарын қайтарып алуға бекінді.  

Жапа шеккен азаматтардың бірі Асылбек Мұхамбеткереев отбасымен Біріккен Араб Әмірлігіне 8 мамырда жолдама арқылы барған. Келесі күні таңда отбасы мүшелерімен таңғы ас ішеді. Ер адамның айтуынша, олардың улануына сол таңғы аста жеген тағамдары себеп болған. Сол уақытта қонақ үйдің ішінде 600-ге жуық турист болды. Олардың жартысы – ТМД азаматтары.

Алғашқы  белгілер 10 мамырда таңғы сағат 4-тер шамасында байқалған. Алғаш болып ресейлік отбасы дәрігер шақыртады. Дәрігерлер отбасы мүшелерін тексеріп, қызу қайтаратын дәрі еккен. Ал Мұхамбеткереевтің отбасы сағат 10-да базар аралауға шығады, сол жерде уланудың белгілері байқала бастаған. Қонақүйге барғанда адамдардың көбінің жағдайы нашарлағанын байқайды. Қазақстанның 40-50 отбасы, Ресей, Украина, Беларусь елдерінің 200-ге жуық отбасы жаппай уланған екен.

Уланудан зардап шеккен Әсел Жарасқалиқызының айтуынша, дәрігерлер уланған кей науқастарға сальмонеллез диагнозын қойған. Өзі де сол ауруға щалдыққан көрінеді.

Демалуға барып, ауыр дертке шалдыққан отандастарымыз туристік компаниялар мен сақтандыру мекемелерінен саяхатқа кеткен шығындарын өндіріп алатынын мәлімдеді.

«Бір жыл бойы осы демалысқа ақша жинадық. Оның бәрін қайтарып аламыз», - деп күйінді астаналық Асылбек Мұхамбеткереев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір