• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 12:30:11
Алматы
+35°

16 Желтоқсан, 2017 NEWS

Әзербайжан президенті қазақ халқын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

Ильхам Алиев Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық, бақыт, ал бауырлас қазақ халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі

 

Әзербайжан президенті Ильхам Алиев мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа құттықтау хат жолдады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі  Әзірбайжан Республикасының президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

«Өзімнің және Әзербайжан халқының атынан Сізді және халқыңызды Қазақстан Республикасының ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын. Әзірбайжан-Қазақстан мемлекетаралық қарым-қатынасы, өзара сенім мен қолдауға негізделген достығымыз бен серіктестігіміз, бірлескен күш-жігердің арқасында одан әрі дами беретініне сенемін», — делінген құттықтауда.

Ильхам Алиев Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық, бақыт, ал бауырлас қазақ халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі



"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір