• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 03:31:51
Алматы
+35°

19 Мамыр, 2018 NEWS

Азаматтық қоғам институттары ғаламдық күн тәртібін қалыптастыруға қатысады

Бұл туралы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев айтты

Азаматтық қоғам институттары ғаламдық күн тәртібін қалыптастыруға қатысады және оны белсенді түрде жүзеге асырады. Бұл туралы «Global Challenges Summit» Астана экономикалық форумы аясындағы панельдік сессияда сөйлеген сөзінде ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев айтты.  

«Азаматтық қоғамның болашағы. Жаңа азаматтық белсенділік» тақырыбында панельдік сессиясы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің бастамасымен өткізілуде.  

«Азаматтық қоғам институттары ғаламдық күн тәртібін қалыптастыруға қатысады және оны белсенді түрде жүзеге асырады. Бүгінде тұрақты құрылымы бар халықаралық ҮЕҰ ресми консультациялық процестерге, атап айтқанда G20 және БҰҰ сияқты көпжақты форумдарға белсене қатысады»,- деді Д.Калетаев.

Бұған мысал ретінде министр Халықаралық валюта қорының және Дүниежүзілік банк тобының жыл сайынғы жиналыстары барысында өткізілетін Азаматтық қоғам саясаты мәселелері жөннідегі Форумды атап өтті. Аталған форумдарда әлемдік экономика, жаһандық қаржылық тұрақтылық, жұмыспен қамту және кедейшілікті жою перспективалары талқыланады.

Министрдің айтуынша, 2016 жылы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының құрамына кіретін 27 елде ҮЕҰ-дар халықтың мүддесі үшін жұмыс істейтін ең сенімді ұйымдар болып табылады. («Edelman Trust Barometer 2017» зерттеуі). Бұл ретте, соңғы 7 жылда қоғамдық ұйымдар осы маңызды көрсеткішке ие болып келеді. Үкіметтік емес ұйымдарға деген сенімнің өсуі негізінен танымал тұлғалар және бұқаралық ақпарат құралдарының қызметімен байланысты.

Панельдік сессия жұмысына мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, саясаттанушылар, халықаралық сарапшылар қатысты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір