21 Қазан, 2017 Оқиғалар
Әйелдер зорлықтың құрбаны болғанына өздері кінәлі...
Әлеуметтік желіде саудиялық уағызшының пікірі қызу талқыланып жатыр.
Әлеуметтік желіде саудиялық уағызшының пікірі қызу талқыланып жатыр, — деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып. Саудиялық діни қызметкер Ахмед Бин Саада әл-Қарни зорлық-зомбылықтан жапа шеккен әйелдер сол күйге душар болғанына өздері кінәлі екенін айтқан.
Оның ойынша әйелдер өздері күндіз де, түнде де көшеге сәнденіп шығып, еркектердің көзіне көрінуге тырысады.
«Көшедегі сәнденген, әтір себінген әйелдерге арам пиғылды еркектердің көзі түсіп, өзінің арам пиғылын жүзеге асырады. Егер әйелдер етек жеңін жинап жүрсе олар зорлықтың құрбаны болмас еді», — деп өз ойын ашық айтты саудиялық уағызшы.
Сонымен бірге әл-Карни әлеуметтік желіде кеңінен танымал болған видео туралы да өз пікірін білдірді. Әлгі видеода ашық-шашық киінген саудиялық әйел жолда өзі танымайтын еркектің көлігіне емін-еркін мінген. Бұл саудиялықтар үшін ерсі және көп кездеспейтін оқиға екенін еске саламыз.
«Әлгі видеодағы әйелді көріңізші. Ол жолдан бейтаныс көлікті тоқтатып, оған мінді. Әйелдер зорлықтың құрбаны болғанына өздері кінәлі. Егер әлгі қызды сол еркек зорлап кетсе, ол өзінің ар-намысы үшін жылап үйге барады. Алайда осы оқиғаның болғанына өзі себепкер болғанын ойламайды», — деп пікір білдірді әл-Карни.
Бұл пікірді қолдаушылар да, жаттаушылар да бар.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір