• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 20:00:08
Алматы
+35°

27 Маусым, 2018 Әлем

Әйелдер үшін ең қауіпті мемлекеттер белгілі болды

Сауалнамаға 550 сарапшы қатысқан. Әйелдер бұл елдерде көбіне сексуалды зорлыққа жиі ұшырайды.

Әйелдер үшін ең қауіпті мемлекеттер қатарында Үндістан бірінші орынға жайғасты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі The Thomson Reuters қорының сайтына сілтеме жасап.

Сауалнамаға 550 сарапшы қатысқан.

Үндістан бірнеше тармақтар бойынша ең қауіпті елдердің қатарында бірінші санатта. Оларға сексуалды зорлық фактілерінің көптігі, адам саудасы, сексуалды құлдық жатады.

Ауғанстан. Сарапшылардың шешімі бойынша мұндағы әйелдер талибтердің құлдырауынан кейін 17 жылдан бері үлкен проблемаларға ұшырай бастаған. Ауғанстан үш тармақ бойынша әйелдер үшін ең қауіпті мемлекет саналады: сексуалды зорлық, медициналық көмек пен экономикалық ресурстарға қолжетімділік.

 Жеті жылдан бері жүріп жатқан азаматтық соғыстан кейін Сирия үшінші орында келеді. Әйелдердің өмірі мұнда сексуалды зорлық деңгейінің  жоғары болуымен, отбасындағы күш қолдану әрекеттерінің көптігіне байланысты қауіпті саналады.

Төртінші орында Сомали. Бұл денсаулық сақтауға қолжетімділік бойынша әйелдер үшін үшінші ең қауіпті ел. Сомалидің мәдени дәстүрлері әйелдерге қатал қарауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мұнда әйелдердің экономикалық ресурстарға қол жетімділігі күрделі мәселеге айналған.

Бесінші орында Сауд Арабиясы. Сарапшылардың пікірінше, бұл патшалықта әйелдердің экономикалық ресурстарға қолжетімділігі төмен, кемсіту әрекеттері көп. Сауд Арабиясында әйелдер діни және мәдени дәстүрлерге байланысты қиындықтарға жиі ұшырайды.

Бұдан кейін Пәкістан, Конго, Йемен, Нигерия және АҚШ мемлекеттері орналасқан. АҚШ әйелдердің сексуалдық зорлық-зомбылыққа ұшырау қаупінің артуына байланысты осы тізімге еніп отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір