• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 12:42:54
Алматы
+35°

17 Қазан, 2017 NEWS

Әйелдер үшін әлемдегі ең қауіпсіз қала белгілі болды

Қалаларды бағалау кезінде сексуалды зомбылық, медициналық қызметтер мен экономикалық мүмкіндіктер, оның ішінде білім алуға мүмкіндіктер есепке алынған

Thomson Reuters Foundation  қайырымдылық ұйымы әйелдер үшін қауіпсіз елдер тізімін жариялаған. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме беріп хабарлайды.

Әлемдегі ең қауіпті қалалар тізімін бастап тұрған Каир қаласы. Ал Мәскеу болса, керісінше бұл тізімнің соңына жайғасып,  ең қауіпсіз қала атанған. Аталған рейтинг сарапшылардың сауалнамасына негізделіп жасалған. Қалаларды бағалау кезінде сексуалды зомбылық, медициналық қызметтер мен экономикалық мүмкіндіктер, оның ішінде білім алуға мүмкіндіктер және т.б критерийлер есепке алынған. Сонымен бірге түрлі  салт-дәстүрлер  мен қыздарды еркінен тыс күйеуге беру, қыздарды сүндеттеу сынды жоралар мен сенімдердің таралу мәселесі де қарастырылған.

Ұлыбритания астанасы Лондон да әйелдер үшін қауіпсіз қалалардың тізімінде денсаулық сақтау мен экономикалық мүмкіндіктер критерилері бойынша бірінші орынға шыққан.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір