• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 10:57:22
+35°

13 Тамыз, 2016 Саясат

Айдос Сарым: Үш ай бойы мораторийді ұзарту үшін ғана жұмыс істедік пе?

Жер реформасы жөніндегі комиссия отырысында саясаттанушы Айдос Сарым жиынға қатысушыларға осындай сауал тастады, - деп хабарлайды

Жер реформасы жөніндегі комиссия отырысында саясаттанушы Айдос Сарым жиынға қатысушыларға осындай сауал тастады, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

«Үш ай бойғы жұмыстағы біздің бар нәтижеміз мораторийді созу ғана ма? Мұны елге айтудың өзі ұят секілді. Менің ұсынысым, екі-үш топты қалдырып, халыққа осы мәселені түсіндіретін бір құжат әзірлеу керек. Біз үш ай бойы осынша әңгіме айтып, халықпен жүздесіп, енді Елбасыға осындай ұсыныс айтуымыз ұят. Сондықтан, мынадай мәселелер бойынша комисиия мәмілеге келді, мына мәселе бойынша бір тоқтамға келе алмады деп басын ашып жазу керек. Тек, дау туғызған жерді жеке меншікке сатуға бола ма, болмай ма деген мәселеге қатысты мораторийді созу туралы ұсынысты Елбасыға айтайық.

Сонымен қатар, комиссияның белсенді мүшелерін заң жобасын парламентте қорғауға қатыстырайық, осында айтылған ұсыныстар заңға енуі қамтамасыз етілсін», - дейді Айдос Сарым.

Саясаттанушы, сонымен бірге Ақмола облысы Қорғалжын ауданындағы 27 мың гектар жердің Германия азаматына берілуі туралы да мәселені мұқият зерттеу қажеттігін атап өтті. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір