• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 09:11:50
Алматы
+35°

25 Шілде, 2017 Ғылым-білім

Айдың бетінен әкелінген топырақ 1,8 млн. долларға сатылды

Негізінен, бұл топырақтың бағасы 4 млн. долларға бағаланған болатын.

Американдық астронавт Нил Армстронгтың Айдың топырағы салынған сөмкесі аукционда сатылды. Армстронгтың Айдан өзімен бірге алып қайтқан тас аралас топырақ үлгісі  Sotheby’s аукционында жеке меншік иелігіне сатылды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі gazeta.ru-ға сілтеме жасап. Бұл сөмкені 2015 жылы Нэнси Карлсон есімді чикаголық адвокат Техаста өткізілген аукционнан 995 долларға сатып алады. Кейіннен ол ішіне қарапайым құм мен тас толтырылған сөмкені NASA агенттігіне апарып береді. Ал агенттік сөмкедегі топырақ пен тастың Ай бетінен алынғанын және оның мемлекет меншігі екенін айтып, қателік кесірінен аукционда сатылып кеткенін алға тартады. Бірақ Карлсон ол сөмкенің өзінің жеке меншігі екенін сот арқылы дәлелдеп, олжасын аукцион арқылы сатты. 
Негізінен, бұл топырақтың бағасы 4 млн. долларға бағаланған болатын. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір