Аягөзде зардап шеккендерге Ахметов бір айлық еңбекақысын аударды

Аягөзде зардап шеккендерге Ахметов бір айлық еңбекақысын аударды
Ⓒqamshy.kz

Ән-күй музыка сайты

Шығыс Қазақстан облысындағы Аягөз ауданында 189 үйді топан су алған. Оның 8 құлап қалған. Қазіргі уақытта судың арыны басылып тұрғындар үйлеріне қайтып оралды. Табиғи апат салдарынан зардап шеккендерге көмек ретінде облыстық Парыз қорынан 50 млн теңге аударылды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен баспасөз маслихатында аймақ басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді.

Шығыс Қазақстанда ауа –райының күрт жылуы және толассыз жауған жауын-шашын кесіренен 229 үйді су басқан. Олардың 8-і құлап қалған, 10-ы апаттық жағдайда, 193-і аула, 110-ы саяжай.  Ең көп зардап шеккен өңір Аягөз ауданы болып отыр. Мұнда 189 үйге су кіріп кеткен.

- Ең қиын жағдай Аягөзде болған. Біз бұл мәселені шеше алдық. Қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындардың көпшілігі өз үйлеріне оралды. Қазір 73 адам мектеп-интернатта жатыр. Оларға жер-жерден гуманитарлық көмек келуде. Ауданда зардап шеккендерге көмек беру мақсатында «Аягөз-Болашақ» қоры жұмыс істеп тұр. Бүгін таңертең сол қордың есеп шотына өзімнің бір айлық еңбекақымды аудардым,-деді Даниал Ахметов.

Ал, облыстық «Парыз» қорынан бүгін түсте 50 млн теңге жіберілген. Аймақтың дін өкілдері де алғашқылардың бірі болып, жылу жинауға кіріскенін айта кету керек. Облыстық мешіттің ұйытқы болуымен «Шығыс асары» акциясы ұйымдастырылған. Акция аясында облыстың кез-келген тұрғыны  алғашқы қажеттілік заттары мен азық-түлікті мешіттерде ашылған пунктерге өткізе алады.  

Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы мен «Жас Отан» жастар қанаты гуманитарлық көмек қабылдау пунктерін ашқан. Ал қоғамдық белсенділер мен кәсіподақ өкілдері республика көлемінде «Тасқын-2018» акциясын қолға алып, 10 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жинаған.

Аймақ басшысы, табиғат апаты салдарынан баспанасынан айырылған ешбір отбасы далада қалмайтынын қадап айтты. 

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


  • 3 ай бұрын

    ӘКІМ БОЛ,ХАЛҚЫҢА ЖАҚЫН БОЛ ДЕГEН.ЖАРАЙСЫЗ АХМЕТОВ АҒА.

    • 3 ай бұрын

      Міне, жомарттық. Халқын ойлайтын азамат деп осыны айт. Сөзбен емес, бірден іспен көрсеткен екен жұмысын.

    • 3 ай бұрын

      Даниал аға халқына жақын, халықтың қамын ойлауда

    • 3 ай бұрын

      @Орынбасар Рас әкім іскерлігін тағы бір дәлелдеді.

    • 3 ай бұрын

      әу деңіз қазақтың игі сөздерін ұмытпағаныңыз өте жақсы болыпты

    • 3 ай бұрын

      Қазақстан облыс әкімдерінің барлығы осындай деп ойлаймын. Барлығы патриот және осындай жағдайда жанын салып жұмыс жасайтынына сенімдімін. Ал Даниал Ахметовке ерекше рахметімді айтамын.

  • 3 ай бұрын

    Міне, азаматтық. Әкім бол, халқыңа жақын бол!

    • 3 ай бұрын

      Әкім деген осындай-ақ болсын, қиын кезде қастарынан табылып, жұбату сөздерін айтып, қаржылай да көмегін аямай отыр. Аман болыңыз!

    • 3 ай бұрын

      @Тамара Әрине, әкім қиыншылықта да,. басқа кезде де өзінің жергілікті тұрғындарымен бірге болғаны жөн.

    • 3 ай бұрын

      мәссаған бәрі енді осы сөзді қайталап жатыр

    • 3 ай бұрын

      @Тамара Өте дұрыс жасаған бұл әкім. Осындай ер істерімен халықтың жүрегін жаулап алады. Ия, мұндай сәттерде зардап шеккендерге үлкен сүйеніш керек, сол сүйеніш билік болғаны қандай тамаша.

  • 3 ай бұрын

    Елмен бірге қиындықты бөлісе алғаныңызға мың алғыс.

    • 3 ай бұрын

      Халықтың жағдайын ойлап, түсіне білетін ел ағаларымыз жасасын! Даниал ағаның бұл ісін жоғары бағалап отырмын.

    • 3 ай бұрын

      @Батырбек Көп түкірсе көл болады деп атам қазақ бекер айтпаған болар. Көреген адам деген осындай қадамдар жасайды.

    • 3 ай бұрын

      Даниал аға қаншама алғыстың астында қалды

1
Алтайда дауыл кезінде жоғалып кеткен 8 жастағы қыз іздестіріліп жатыр
24/06 17:19 0 836
2
Неке жарамды болуы үшін...
24/06 14:54 0 463
3
Сенат аппаратының бұрынғы жетекшісі Ержан Өтембаев қайтыс болды
24/06 14:03 0 4605
Жапонияда жер сілкінісінен жеті мыңдай үй қирап қалды
24/06 13:27 0 234
Түрік ұшағы апатты жағдайда Атырауға қонды
24/06 12:24 0 407

Таныстырылғандар

Тәжікстан мен Қырғызстан шекарадағы даулы аймақты бөлуге кіріседі
Тәжікстан мен Қырғызстан шекарадағы даулы аймақты бөлуге кіріседі
Тәжікстан мен Қырғызстан шекарадағы даулы аймақты бөлуге кіріседі
Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы даулы аймақ жанжалға жиі себеп болады.
11/06/2018 10:07 0 527
Мешіттегі азанның дыбысы 70 децибелден аспауы тиіс
Мешіттегі азанның дыбысы 70 децибелден аспауы тиіс
Мешіттегі азанның дыбысы 70 децибелден аспауы тиіс
Азан шақыру (намазға шақыру) мұсылман дәстүрінің ажырамас бөлігі болып табылады.
12/06/2018 15:56 0 558
17 мың шетелдік бес жыл бойы Қазақстанға кіре алмайды
17 мың шетелдік бес жыл бойы Қазақстанға кіре алмайды
17 мың шетелдік бес жыл бойы Қазақстанға кіре алмайды
Министрдiң айтуынша, көші-қон заңын бұзған 17 мыңнан аса шетелдік Қазақстанға бес жыл бойы кіре алмайды.
14/06/2018 16:13 0 789
Сейітқазы Матаев журналистер одағын қайта басқаратын болды
Сейітқазы Матаев журналистер одағын қайта басқаратын болды
Сейітқазы Матаев журналистер одағын қайта басқаратын болды
Журналистер басқарманың алдағы уақыттағы міндеттері мен жоспарларын талқылады.
14/06/2018 17:46 0 1834
А. Ержанов ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болды
А. Ержанов ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болды
А. Ержанов ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болды
Еңбек жолын 1982 жылы Орал облысы Тайпақ ауданының Красноярский кеңшарының бас инженер-гидротехнигі қызметінен бастаған.
15/06/2018 10:32 0 494
Нұрсұлтан Назарбаев Татарстан Республикасына жұмыс сапарымен барды
Нұрсұлтан Назарбаев Татарстан Республикасына жұмыс сапарымен барды
Нұрсұлтан Назарбаев Татарстан Республикасына жұмыс сапарымен барды
Сапар аясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановпен кездеседі
15/06/2018 11:19 12 599
Нұрлан Ноғаев: Мектепке үштілділік белсенді түрде енгізілуі керек
Нұрлан Ноғаев: Мектепке үштілділік белсенді түрде енгізілуі керек
Нұрлан Ноғаев: Мектепке үштілділік белсенді түрде енгізілуі керек
Атырау облысында "Нұр Отан" партиясы филиалының саяси кеңес бюросының кеңейтілген мәжілісі өтті
15/06/2018 12:23 5 372
Қазақстанның туристік саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті
Қазақстанның туристік саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті
Қазақстанның туристік саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті
Карта жобасы 62 туристік дестинация мен нысаннан тұрады.
16/06/2018 17:49 5 947
Алматыда бес қабатты үй өртенді
Алматыда бес қабатты үй өртенді
Алматыда бес қабатты үй өртенді
Үйден 100-ге жуық тұрғын эвакуацияланды, оның 20-сы балалар.
18/06/2018 09:34 0 1068
Жапониядағы жер сілкінісінен 200 адам зардап шекті
Жапониядағы жер сілкінісінен 200 адам зардап шекті
Жапониядағы жер сілкінісінен 200 адам зардап шекті
Алдын ала хабарланғандай, магнитудасы 6,1 жер сілкінісі дүйсенбі таңертең болған.
18/06/2018 17:37 0 441
Швейцария Гүлнәр Кәрімованың 700 млн долларын Ташкентке қайтарғысы келеді
Швейцария Гүлнәр Кәрімованың 700 млн долларын Ташкентке қайтарғысы келеді
Швейцария Гүлнәр Кәрімованың 700 млн долларын Ташкентке қайтарғысы келеді
Гүлнәр Каримованың Швейцариядағы адвокаты Грегоир Мангет бұл шешімді заң бұзушылық деп атаған.
19/06/2018 10:02 0 1693
Шудағы апат: пойыз жүргізушісі ұсталды
Шудағы апат: пойыз жүргізушісі ұсталды
Шудағы апат: пойыз жүргізушісі ұсталды
«Қазақстан темір жолы» мәлімдегендей, апаттан зардап шеккендердің бәріне өтемақы төленеді.
19/06/2018 10:05 20 1630
Абзал Құспан Сайрагүл Сауытбайдың ісіне қатысты: Күдіктен үміт басым
Абзал Құспан Сайрагүл Сауытбайдың ісіне қатысты: Күдіктен үміт басым
Абзал Құспан Сайрагүл Сауытбайдың ісіне қатысты: Күдіктен үміт басым
Қазақстандық адвокат Абзал Құспан шекараны заңсыз кесіп өтті деген этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбайдың ісіне қатысты тергеу жұмыстарының барысымен таныстырды.
19/06/2018 13:21 6 2714
Түркістан қаласына жаңа әкім тағайындалды
Түркістан қаласына жаңа әкім тағайындалды
Түркістан қаласына жаңа әкім тағайындалды
Жаңа тағайындауға дейін Әліпбек Шәріпбекұлы Оңтүстік Қазақстан облысын әкімінің орынбасары болып қызмет етіп келді.
22/06/2018 09:51 0 407
ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтеді
ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтеді
ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Н. Нығматулин ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды
22/06/2018 10:17 0 311