• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 13:40:40
Алматы
+35°

15 Ақпан, 2018 NEWS

Аягөзде бойжеткен 77 жастағы қарияны соққыға жыққан

«102» нөміріне хабарласқан ақсақал белгісіз адамның өзін талдырып, ақшасын алып кеткенін айтып хабарласқан.

Шығыс Қазақстанның Аягөз ауданында 77 жастағы  қартты бойжеткен тонап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме беріп Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«102» нөміріне хабарласқан ақсақал белгісіз адамның өзін талдырып, ақшасын алып кеткенін айтып хабарласқан. Түнгі сағат 01.00 шамасында тысқа шығып, қораға беттеген қарияны медициналық бетперде таққан адам талдырып кеткен. Қарияның қалтасында 90 мың теңге болған екен. Жедел ісздестіру шараларының арқасында тонаушының 22 жастағы бойжеткен екені анықталды. Ауылға қонақ боп келген тонаушының жалғызілікті қарияның қалтасында ақша барын қайдан білгені белгісіз.

Күдікті сасқалақтап жүріп, бір қолғабын оқиға орнында түсіріп алады. Осы қолғап оның соңына түсуге себепкер болған.

Қазір бойжеткенге бұлтартпау шарасы қолданылуда. Ол өз кінәсін толық мойындаған. ШҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 191 бабы бойынша соталды тергеу жұмыстары тағайындалды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір