• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 05:13:31
Алматы
+35°

10 Қаңтар, 2018 Әлеумет

Аяғынан айырылған екі жасар баланың ғажайып оқиғасы

Мұхаммед әлемдегі осындай операцияны жасаған ең кіші пациент болды

Үндістанның Карнатака қаласында тұратын екі жасар Мохаммед Салеха ауыр жол көлік апатында аяғынан айырылған болатын және сол апатта анасы көз жұмды.  Бірақ сегіз айдан кейін Мохаммед хирургтармен кездесуге өз аяғымен келді.

Дәрігер  Прашант Марла баланың қаза тапқан анасының жанынан  табылғанын айтты. Бірінші көмек көрсетілгеннен кейін, Мохаммед Керале ауруханасына жеткізілді, ауруханада ғажайып оқиға орын алды.

Жол апаты кезінде Мохаммедтің екі аяғы жұлынып кеткен болатын. Дәрігерлер кесілген аяғын алып, мұзға салып сақтап қойды. Ота кезінде Мохаммедтің өз аяғын орнына салып берді және аяғында әр тамырларын тіккен.

Баланы құтқарған дәрігерлер оның есімін білмеді, тіпті әкесіне болған жағдай туралы хабардар ете алмады. Барлық шешімді дәрігерлер өздері шешті. Бұқаралық ақпарат құралдарынан қайғылы оқиға хабарланғаннан кейін Мохаммедтің әжесі мен атасы ауруханаға хабарласты. Осы уақыт ішінде хирургтар баланың екі аяғын қайтару үшін күрделі операция жасап жатқан еді. Ота сәтті өткен болатын. Индиялық медицина тарихында алғашқы рет  кішкентай баланың аяқ тамырларына ота жасалды. Мохаммед әлемдегі осындай операцияны жасаған ең кіші пациент болды.

бала

Сегіз ай өткеннен кейін Мохаммедтің аяқтары толығымен жұмыс істей бастады. Бала жүріп қана қоймай, жүгіре бастады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір