• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 22:01:58
Алматы
+35°

19 Сәуір, 2018 Экономика

АИ-92 маркалы жанармай мен дизель бір жылда бірнеше пайызға қымбаттады

2018 жылдың қаңтар-наурыз айларында 830,8 мың тонна жанармай өндірілді.

АИ-92 маркалы жанармай бір жылда 15%  қымбаттады. Жазғы және қысқы дизель 23-24% бірақ қымбаттады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Жанармай өндірісі 3%-ға артты, дизель 3% қысқарды. 2018 жылдың қаңтар-наурыз айларында 830,8 мың тонна жанармай өндірілді. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 2,6% көп.

Дизельді отынның өндірісі керісінше қысқарды. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында өндіріс - 1,06 миллион тонна болды. Бұл – 2017 жылмен салыстырғанда 2,9% аз.

Дизель отыны көбіне Павлодар мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында өндірілген. Павлодарда 350,9 мың тонна мұнай өндірілсе, ОҚО-да  281,2 мың тонна. Аталмыш өңірлерде мұнай өндіретін «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» және Шымкент мұнай өндіру зауыты бар. Атырау облысында  179,4 мың тонна мұнай өндіріледі. Бұл Қазақстанның мұнай нарығының - 21,6% құрайды.

Павлодар облысында дизель отыны да көп өндіріледі. Екінші орында ОҚО мен Атырау облысы.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір