• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 20:33:07
Алматы
+35°

10 Қазан, 2017 Экономика

Ауылда кооперация дамуда

Жеке қосалқы шаруашылықтарға бірлескен 1 034 АШК құрылды

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде және өткізуде орталықтандырылған қызметін ұйымдастыру мақсатында ауылда кооперацияны енгізу бойынша және ауыл тұрғындарын тиімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және жеке қосалқы шаруашылықтарын әлеуетін пайдалану жөнінде шараларды іске асыру бойынша Мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі жергілікті атқарушы органмен бірлесе ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру бойынша жұмыс жүргізілуде деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша бүгінгі күні жеке қосалқы шаруашылықтарға бірлескен 1 034 АШК құрылды, оның ішінде 2016 жылы – 289 АШК, 2017 жылы – 745 АШК.

Қазіргі таңда қайтадан құрылған және қолданыстағы АШК бірқатар проблемалармен кезедесуде, олар АШК жемісті дамуына кедергі жасап жатқанын атап өту керек.

Осыған байланысты, министрлікпен АШК басшыларын және мүшелерін, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың және олардың ведомстволық бағынысты мекемелерінің мемлекеттік және азаматтық қызметкерлерін оқыту мақсатында көшпелі семинарлар өткізу туралы шешімі қабылданды.

Осыған орай, өңірлерде көшпелі оқыту семинарлар үшін Министрлікпен «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп қазақстандық сарапшы-лекторлар тобы құрылды. Бұл сарапшылар-лектор біліктілігін арттыру мақсатында 2017 жылғы 10 – 12 қазан аралығында Астана қ. АШК құру және дамыту бағытында келесі мәселері бойынша оқу өтеді:
– менеджмент, АШК қатысушылардың өзара іс-қимыл және басқару;
– АШК мүшелерінің тетіктерінің өзара іс-қимылы және кооперацияда сервистік қызметілер;
– АШК және басқа субъектілерге жер беруіне рәсімдері мен тетіктері;
– АШК және олардың мүшелерін салық салу, сондай-ақ салық заңнамасына жоспарланған өзгерістер;
– АШК тексеру одағыны ұйымдастыру;
– ауыл шаруашылығы кооперациясында аудит және бухгалтерлік есебі;
– ауыл шаруашылығы кооперациясыны мемлекеттік қолдау және қаржыландыру және т. б.

Оқыту өткізу қорытындысы бойынша, қазақстандық сарапшылардың құрылған тобы ауыл шаруашылығы кооперативтің арасында (16 қазаннан бастап 15 қарашаға дейін жоспарланған күні) көшпелі түсіндіру жұмыстары (республиканың барлық өңірлерде) өткізеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір