• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 05:40:38
Алматы
+35°

31 Қаңтар, 2018 Саясат

Ауыл мен қаладағы ҮЕҰ-дарға өзіне тән жағдай жасау керек – Нығматулин

Талқылау барысында Мәжіліс Спикері мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандарттарына айрықша назар аударды.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің  төрағалығымен өтіп жатқан Палатаның кезекті жалпы отырысында коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелерін түзетуге арналған заң жобасы талқыланды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Талқылау барысында Мәжіліс Спикері мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандарттарына айрықша назар аударды.

Ауылдағы үкіметтік емес ұйымдар мен қалалардағы ұйымдар деңгейінің айырмашылығы бар екеніне көңіл бөле отырып, Нығматулин арнайы байқауларда ауылдағы үкіметтік емес ұйымдардың грантты да, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты да жеңіп алуы қиын екенін алға тартты:

– Шынында әлеуметтік стандарттар дайындалған кезде міндетті түрде  ауылдың жағдайын ескеру керек.  Ауыл мен қаланың өзіне тән ерекшеліктері бар. Сол себепті стандарттарды енгізгенде осы ерекшеліктерге қарай тиісті жағдай жасау қажет, – деді.  

Бұл заң жобасының мақсаты мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асырудың тиімділігі мен ашықтығын арттыру арқылы сол саладағы тиісті заңнаманы жетілдіру болып табылады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір