• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 08:48:13
Алматы
+35°

09 Қаңтар, 2018 NEWS

Әуезов театрына директордың міндетін атқарушы тағайындалды

Шеттетілген уақытта міндетті директордың шығармашылық іс бойынша орынбасары Жандарбек Алайдарұлы атқарады

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры міндетін Жандарбек Садырбаев атқаратын болды. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Тengrinews.kz мәліметіне сүйеніп хабарлайды. 

"Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры Біләлов Ерлан Әбділдаұлы 2018 жылдың 4 қаңтарында істің мән-жайы анықталғанша қызметінен шеттетілді. Шеттетілген уақытта міндетті директордың шығармашылық іс бойынша орынбасары Жандарбек Алайдарұлы атқарады", - делінген министрлік хабарламасында.

Ал Қазақстан театрлар ассоциациясының президенті, Қазақстан еңбек ері, ҚР және КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімов оқиға жайлы өз пікірін білдірген еді.  "Бүгін өнер саласындағы зиялылар, жазушылар, драматургтар, режиссерлар мен театр қызметкерлері жиналды. Біздің театрымызда болған оқиға - сүренсіз жағдай, бұл барлығымызды алаңдатады, себебі мұнда істеген жас директор, екі жарым жыл осы қызметте болды және осы уақыт ішінде біздің дамуымыз, гастрольдік сапарларға шығуымыз - ол барлығын да өзінің таза еңбегімен тапты.

Мұндай жағдай орын алғанына жабырқаулымыз. Менің айтпағым, бұл істе оны ғана емес осыны ұйымдастырғандарды жазалау керек. Оның осынша қаражатты алғаны - дұрыс емес, ол жазасын алады. Біз қазір оның кім екенін, қандай адам екенін айтқымыз келеді, біз айтпасақ кім айтады? Кез келген адаммен осындай жағдай болуы мүмкін, меніңше, бұл кездейсоқтық. Осылай болды, адамның да сүрінетін кезі болады. Бір реттік жағдай - оның бүкіл ғұмырына сабақ болады. Келесіде ол образдарды шығару кезінде оған осы көмектеседі", - деген еді ол. 

Еске салайық, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актер, М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры басшысы Ерлан Біләлов 1,5 миллион теңге парамен ұсталған еді. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахиннің мәліметінше, кінәсін толық мойындауына байланысты Ерлан Біләлов қамауға алынған жоқ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір