• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 01:25:32
Алматы
+35°

05 Желтоқсан, 2017 Аймақтар

Әуезов ауданында оқу орнының тапшылығы 3 047,5 құрайды

Аудан бойынша 32 жалпы білім беретін мектеп жұмыс жасайды

 

Аудан бойынша 32 жалпы білім беретін мектеп жұмыс жасайды, оның 9 мектеп-гимназия, физика және математика пәндерін тереңдетіп оқытатын 2 мамандандырылған лицей, 2 мектеп-лицей, 14 жалпы білім беретін мектеп. Оқыту тілі бойынша 11 мектепте қазақ тілінде, 11 мектепте орыс тілінде, 9 мектепте қазақ және орыс тілдерінде, 1 мектепте ұйғыр тілінде оқытылады. Мұндай ақпаратты Алматы қаласының Өңірлік коммуникциялар қызметінде өткен брифингте Әуезов ауданының басшысы Алтай Рахымбетов айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Алтай Рахымбетовтың айтуынша, 32 мемлекеттік мектептердегі оқушы саны 43 390, 32 мектептің жалпы сыйымдылығы 31 745 орын, онда 43 390 оқушы оқиды. Оқу орнының тапшылығы 3 047,5 құрайды. Оқу орнының тапшылығы жылда артуда. № 117, 121, 123, 133, 158, 173, 175 мектептерде оқушы саны шамадан тыс. 2018 жылы Мамыр - 1 шағын ауданында 1200 орынға арналған жалпы білім беретін мектеп салыну жоспарланып отыр.

ҰБТ-ң қорытындысы бойынша 2017 жылы қала бойынша Әуезов ауданы 99,64 баллдық көрсеткішпен 2-орын алды, 99 мектеп түлегі «Алтын белгі» иегерлері атанды, - деп мәлімдеді Әуезов ауданының басшысы Алтай Рахымбетов.

салық

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір