• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 20:24:29
Алматы
+35°

13 Желтоқсан, 2017 Аймақтар

Әуезов ауданында мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі болып өтті

Аталған шараға жергілікті БАҚ өкілдері де қатысып, өздеріне қажетті сауалдарға жауап таба алды

Алматы қаласы Әуезов ауданында бос жұмыс орындары мен мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі болып өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Аталмыш жәрмеңке 2017 жылдың 12 желтоқсанында «Grand Park» ойын-сауық орталығында 10:00 – 18:00 аралығында болды.

Бұл іс-шараны Алматы қаласы бойынша мемлекеттік қызмет пен жемқорлыққа қарсы департамент басшылығы Әуезов ауданы әкімдігімен бірлесе отырып  ұйымдастырған болатын.  

Алматы

Жәрмеңкенің негізгі мақсаты электронды мемлекеттік қызметті дәріптеу мен мемлекеттік қызметті ұсынудың реті мен «электронды үкімет» порталы, «Азаматтар арналған үкімет» атты корпорациядан қызмет алудың артықшылығын түсіндіру.

Жәрмеңкеге қатысқан әрбір азамат кәсіби деңгейде кеңес алып, жергілікті атқарушы органдардың көмегіне жүгіну мүмкіндігіне ие болды.

Сонымен бірге жәрмеңкеге қатысқан әрбір азамат өзіне ұсынылған жұмыспен таныса алады. Жалпы айтқанда, Алматы қаласы бойынша, 48 мемлекеттік орган қызмет көрсетсе, жалпы қызмет көрсету саны 353-ке жеткен.

Бүгіндікке мемлекеттік корпорация арқылы және «электронды үкімет» арқылы жасалған қызмет бүкіл мемлекеттік қызметтердің 60 %-ын құрайды.

Аталған жәрмеңкеде 21 мемлекеттік орган, 4 үкіметтік емес ұйымдар, олардың қатарында Ұлттық кәсіпкерлер палата «Атамекен», «Даму», «Жилстройсбербанк», «ГФСС» архитектура мен денсаулық сақтау, білім беру, азаматтыққа тіркелу және жер тіліміне қатысты салаларға байланысты қызмет көрсетті.

Алматы

Бүгін жәрмеңкеге 1684 адам мемлекеттік қызметке байланысты түрлі сұрақтармен келсе, бос жұмыс орнына қатысты сұрақтармен келген 231 азаматқа қызмет көрсетілді.

Кәсіби деңгейдегі кеңес алу мақсатымен мемлекеттік органдарда ақпараттық видео роликтер мен таратылатын материалдардағы ақпараттар жетілдірілді.

Жәрмеңкеге қатысушыларға электронды сандық қолтаңба алу мүмкіндігі ұсынылып, бір уақытта бірнеше электронды қызмет түрлері таныстырылды.

Ал үйден шықпай  өз бетімен жұмыстарын аяқтап, уақытты үнемдегісі келгендер үшін 15 минуттың ішінде электронды сандық кілтті алу мүмкіндігі ұсынылды.

Негізінен көпшілік азаматтық алуға байланысты ақпараттарға қызығып, осыған қатысты сұрақтарды қойды. Сонымен бірге жер теліміне байланысты сұрақтар өте көп болды.

Аталған шараға жергілікті БАҚ өкілдері де қатысып, өздеріне қажетті сауалдарға жауап таба алды.

Айта кететін болсақ, аталған жәрмеңке Алматы қаласындағы басқа да аудандарда өтетін болады. Жақын арада Бостандық ауданында ауданында дәл осындай жәрмеңке өтеді деп жоспарланып отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір