• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 14:51:53
+35°

19 Шілде, 2018 NEWS

Ауа жетпей көмек сұраған балаға дәрігер неге қарамады?

Видеода жасөспірім жігіттің «Ауа жетпей жатыр» деп айқай салып, оның қасында бірнеше адамдардың тұрғаны көрінеді

Әлеуметтік желіде дәрігерлердің салғырттығын дәлелдемек болған видео таралды.

Видеода жасөспірім жігіттің «Ауа жетпей жатыр» деп айқай салып, оның қасында бірнеше адамдардың тұрғаны көрінеді. Видео авторы телефонмен сөйлесіп отырған дәрігерді көрсетіп, «Балаға көмек беруін» сұраған.

Желі қолданушыларының талқысына түскен аталмыш видеодағы оқиға нақты қай жерде болғаны белгісіз.

Әлеуметтік желіде пікір білдірген адамдардың бір легі дәрігерлерді жұмыстарына салғырт қарайды деп айыптаса, енді біреулері ауырып жатқан баланың өтірік істеп жатыр дейді.

«Негізі адамға ауа жетпесе қол - аяқтан жан кетіп қалады, яғни демалысы дұрыс дегені рас. Ал укол салып басқа ем қолдану үшін врач таксолог, невролог т.б. мамандарды шақырып не кеңесуі керек, оның да басы екеу емес. Сабыр берсін, врачтар қатігездеу ол да рас», - деп пікір білдірген.

Ал Камар Далбахова есімді желі қолданушысы видеоның астына: «Бул басталғаны ғой аяғында бала талып қалады.сосын қайта есін жтады сосын тағы осылай қайталайды.балада соны біледі қорқады сосын кисларод сурап жатыр ғой.Бішкектен келген беттері осы Таразға жете алмай Меркеде скори шакырып барған жерлері.Бішкекте МРТ ға тусіруге баланын жағдайы көтермеген врачтар норгоз салуға қорқып қайтарып отыр.сіз қандай өтірікті айтып отырсыз», - деп жазады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір