• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 08:26:16
Алматы
+35°

24 Маусым, 2018 NEWS

Ауа райы. Жексенбіде еліміздің басым бөлігінде жел күшейеді

Атырау облысының басым бөлігінде, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық сақталады.

Жексенбі еліміздің көп бөлігінде жел күшейеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің болжамынша, атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде найзағайлы жаңбыр жауады, жел күшейеді, бұршақ болуы ықтимал, оңтүстікте  шаңды дауыл соғады.

Тек еліміздің батысында күн райы ашық болады. Ақмола, Қостанай облыстарының күндіз кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ге жетеді, бұршақ жаууы мүмкін. Кей жерлерінде найзағай күтіледі.

Алматы облысының күндіз кей жерлерінде найзағай жарқылдайды, жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғып, жел 15-20 м/с үдейді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді, кей жерлерінде дауыл, бұршақ болуы мүмкін.

Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді, найзағай, дауыл күтіледі, күндіз бұршақ болуы мүмкін.

Атырау облысының басым бөлігінде, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық сақталады.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл , Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі күтіледі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір