• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 12:50:00
Алматы
+35°

19 Мамыр, 2018 NEWS

Автобус өртеніп қайтыс болған 52 өзбекстандыққа 52 ағаш отырғызылды

Шара аясында елорданың жаңа «Ботаникалық бағына» 42 алма және 10 шетен ағашы отырғызылды.

Қазақстандағы Өзбекстан Республикасының Елшілігі мен астаналық «Алтын Орда» бизнес-клубы Ақтөбе апатында мерт болған 52 өзбекстандықтың рухына бағыштап, 52 жеміс ағашын отырғызды. Бұл туралы Қазақпарат хабарлады.

Шара аясында елорданың жаңа «Ботаникалық бағына» 42 алма және 10 шетен ағашы отырғызылды.

«Алтын Орда» бизнес-клубының төрағасы мархабат Балғабайдың айтуынша, акцияның Рамазан айында ұйымдастырылуы тегін емес. Идея негізінде ежелгі мұсылман дәстүрі – жария-садақа жатқан көрінеді.

«Күзгі уақытта піскен жемістерді халық жинап алады, сауабы Ақтөбеде мерт болған өзбекстандық жолаушыларға беріледі деп үміттенеміз», - деді Мархабат Балғабай.

Айта кетейік, биыл қаңтарда «Самара-Шымкент» автожолында автобус өртеніп, 52 өзбекстандық тірідей жанып кеткен. Тірі қалған үш жүргізуші мен екі жолаушы санавиациямен облыс орталығына жеткізіліп, оқиғаға қатысты жауап алынды. Нәтижесінде автобус жүргізушілері күдікке ілініп, 24 наурызға дейін қамауға алынған. Кейін Ақтөбенің №2 қалалық соты санкция уақытын тағы бір айға ұзартты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір