• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 03:21:31
Алматы
+35°

18 Қараша, 2017

Атышулы топ өз стильдерінен бас тартып, жанкүйерлерін таңғалдырды (видео)

Алматы қаласында  өткен «Жыл таңдауы» атты концертке аты шулы Ninety one тобы өзгеше стилмен өнер көрсетті.

Алматы қаласында  өткен «Жыл таңдауы» атты концертке аты шулы «Ninety one» тобы өзгеше стильмен өнер көрсетті, — деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Аталмыш шараға бұрынғы шашын бояп, сырға таққан жігіттер шаштарын қараға бояп, сырға тақпай шықты, тіпті сахнада қозғалмастан «Қалай қарайсың» атты әнді орындап шықты. Ninety one тобының жанкүйерлері үшін бұл күтпеген жайт болды.

«Бәріңе, сәлем! Сіздермен бірге «Ninety One»  тобы. Жалпы бізді қолдаған тыңдармандарымызға үлкен алғысымызды білдіргіміз келеді. Біздің компаниямыздың басты мақсаты – әлемдік бәсекелестікке шығу.  «Ninety One» тобы соны ұйымдастыруға бар күшін салады!», – дейді топ мүшелері.

Еске сала кететін болсақ осыған дейін де аталмыш топ жігіттері шаштарын қараға бояп, сырғаларын шешкен болатын. Алайда біраз уақыт өтер өтпестен бұрынғы стильдеріне оралды. Бұл қара пиар болуы да әбден мүмкін. Олар өз стилдерін өзгертіп, есті әндер орындайтын болса көптеген адам Ninety one тобының жанкүйері болуы да бек мүмкін.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір