• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 11:35:56
Алматы
+35°

04 Маусым, 2017 Кәсіпкер

Атышулы Мақсат Үсенов өз әрекетімен ұшақ жолаушыларының өміріне қауіп төндірген (ВИДЕО)

Facebook қолданушысы Павел Коктышев Бангкокқа атышулы Мақсат Үсеновпен бірге ұшқанын жазады. Ол ұшақ діттеген жеріне жеткенге дейін жолаушылар мен әуе компания...

Facebook қолданушысы Павел Коктышев Бангкокқа атышулы Мақсат Үсеновпен бірге ұшқанын жазады. Ол ұшақ діттеген жеріне жеткенге дейін жолаушылар мен әуе компания қызметкерлерінің мазасын алып, ұшақтағы адамдардың өмірін қатерге тігіп, тыйымдарға қарамастан темекі тартқанын әлеуметтік желіге  жазды. Темекі тарту үшін тіпті стюардессаларға пара ұсынған. Әуе компания қызметкерлері оның үстінен акт толтырып, ұшақ қонғаннан кейін жергілікіті полицияға тапсырған.

«Неліктен заңға бағынатын мен секілді азаматтың өміріне қауіп төндіресіздер?» деп сотқа сұрақ жолдайды Павел Коктышев.

Естеріңізге салай кетейік, Мақсат Үсенов осыған дейін алты адамды қағып кетіп, біреуі көз жұмған. Жаза - 45 тәулік қамауда. Сонымен қатар, жол апатына себепкер болып, басқа көлікте келе жатқан әйел қатты жарақаттанған болатын. Жаза - 20 тәулік. 

Шолушы: Әсем Әлмұханбет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір