• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 13:47:02
Алматы
+35°

17 Маусым, 2017 NEWS

Атышулы Мақсат Үсенов 10 тәулікке қамалды

Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында Мақсат Үсеновтің ісі қаралды, - деп хабарлайды

Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында Мақсат Үсеновтің ісі қаралды, - деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Атышулы Үсенов сот ғимаратына 16.00-де бір полицейдің және формасыз ер адамның жетегінде келді.

Үсенов сотқа күннен қорғайтын көзілдірік киіп келді.

Жауап алу кезінде Мақсат Үсенов өз әрекетін түсіндірді. Ішімдік ішкен-ішпегені жайлы сұраққа ол былай деп жауап қатты: "Бортта маған бір стақан виски құйылды. "Дьюти фриден" бір шөлмек виски сатып алдым. Бірақ мен оны ішкен жоқпын.

"Мен былапыт сөз айтқан жоқпын. Бортсерікке де, Коктышевке де жаман сөз айтпадым. Даусымды көтергенім рас, бірақ ол кезде стюардесса менің сөмкеме қол жүгіртті. Бұл дұрыс емес, ақшам бар еді. Сондықтан даусымды көтердім, бірақ дөрекі сөз сөйлемедім. Өкінетінімді ғана айта аламын", - деді Үсенов сотта. Осыдан кейін ол 9 тәулікке қамауға алуын сұрады.

Айта кетейік, жауап алу кезінде Мақсат Үсеновтің құрылыс компаниясында заңгер болып жұмыс істеп жатқаны анықталды. Соттың шешімі бойынша, Мақсат Үсенов 10 күнге қамауға алынды.

Еске салайық, Мақсат Үсенов Алматы-Бангкок рейсін орындаған әуе кемесінің бортында табак өнімін қолданған, бұған ұлттық және халықаралық талаптар бойынша тыйым салынған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір