• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 19:27:32
Алматы
+35°

01 Шілде, 2018 Аймақтар

Атыраудың Астана қаласының 20 жылдығына ерекше сыйы

Астаналықтар бұл нысандарды дайындауға атсалысқан барлық өңірлерімізге алғыс айтуға тиіс.

Астананың 20 жылдық мерейтойы құрметіне Атырау облысы елорданың оң және сол жағалауларын жалғайтын көпір тарту етті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Нұрсұлтан Назарбаевқа көпірдің саябақ аймағындағы жаяу жүргіншілер легі мен велосипед желісін Есіл өзенінің оң жағалауымен жалғайтынын баяндады.

Атырау көпірі

Қазақстан Президенті жаңа көпір Атырау облысының лайықты тартуы екенін және оның елорда тұрғындары мен қонақтарына ұзақ жылдар бойы қызмет ететінін атап өтті.

"Астаналықтар бұл нысандарды дайындауға атсалысқан барлық өңірлерімізге алғыс айтуға тиіс. Бас қаланы бүкіл ел болып тұрғыздық және бүкіл ел қуанышқа кенелуі керек", – деді Мемлекет басшысы.

Атырау көпірі

Сонымен қатар, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев Нұрсұлтан Назарбаевқа жалпы ұзындығы 56 шақырым болатын велосипед көлігінің инфрақұрылым нысандарын таныстырды. Велосипед жолы Есіл өзенінің бойы мен сол жағалауы және ЭКСПО кешенінің нысандары арқылы өтеді. Ол қалалық саябақтағы шаңғы және роликке арналған жолдар мен Ильинка кентінен "жасыл белдеу" арқылы өтетін велосипед жолақтарын байланыстырады. Велотректер арнайы үстелдері және велосипед қоятын орындары бар, wi-fi және телефонды қуаттандыру мүмкіндігі қарастырылған "ақылды инфрақұрылыммен" жабдықталған.

Шара соңында ашық аспан астындағы амфитеатр сахнасында Атырау облысы филармониясының өнер ұжымы ұйымдастырған "Ұлы дала жүрегі – Астанама" атты театрландырылған концерттік бағдарлама көрсетілді.

Айта кетейік, Көпірдің дизайны сәулет өнерінің әлемдік үрдісіне сәйкес келеді. Оның сырт келбеті заманауи үлгіге сай, ал жаяу жүргіншілерге арналған ішкі жағы жарық пен көлеңкенің қызықты көрінісін бейнелейді.

Нысанның жалпы ұзындығы – 313,5 метр, ені – 10,5 метр. Көпірде жаяу жүргіншілерге арналған алты метрлік жолақ, велосипедшілерге арналған үш метрлік жолақ, сондай-ақ ені 0,5 метр болатын қауіпсіздік жолағы және 0,5 метрлік шарбақты қоршауға арналған екі жолақ бар. Көпір жабындысы үшін литакрил пайдаланылған. Бұл нысан ауа райы жағдайы ескеріле отырып салынған. Оны жобалағанда желдің әсері де есепке алынған. Салмағы – 1920 тонна.

Велосипедшілер мен жаяу жүргіншілерге арналған көпірді және велосипед инфрақұрылымын "Өңірлердің Астанаға тартуы" жобасы аясында Атырау, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Ақмола және Жамбыл облыстарының әкімдіктері тұрғызды.

Президенттің Есіл өзенінің жағалауына жасаған кішігірім сапары елорда тұрғындарына әдемі әсер сыйлағаны соншалық, олар көпке дейін тарамай, жаңа көпірдің жанында суретке түсіп, мәз болысты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір