• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:59:53
Алматы
+35°

23 Мамыр, 2018 NEWS

Атыраудағы жантүршігерлік оқиға туралы куәгерлер айтып берді

Атыраудағы Алмагүл мөлтек ауданындағы 16 қабатты үйде істен шыққан лифттің шахтасына екі бірдей жасөспірім құлап, қайтыс болған.

Атыраудағы Алмагүл мөлтек ауданындағы 16 қабатты үйде істен шыққан лифттің шахтасына екі бірдей жасөспірім құлап, қайтыс болған. Қапыда көз жұмғандар жайлы куәгерлер айтып берді. 

Қайтыс болған екі жасөспірім де 2003 жылы туған. Оның бірі сол үйде тұратын туыстарына қонаққа барған екен. 16 қабатты үйдегі жүк таситын жеделсатының шахтасына ойнап жүрген балалар абайсызда түсіп кеткен. Алайда лифт жабық тұрған деседі. Ал балалар оны өз беттерінше ашып алған. 

Атырау қаласының тұрғыны Шынар Дүйсенғалиеваның айтуынша, сол күні лифт маңына көршілердің бәрі жиналды.

"Бәрі шошынып қалған. Орыс келіншек "Помогите" деп айқайлап жүрді. Бұл көріністі әрі қарай көруге жүрегім дауаламады. Есікті жауып алдым. Қырсыққанда, жедел жәрдемге де әрең хабарластық. Оның өзі жедел келе қоймады", - деді Шынар Дүйсенғалиева. 

Балалардың бірі жедел жәрдем жеткенше жан тапсырған. Екеуі де бастан қатты соққы алған, омыртқалары және мойын омыртқалары сыныпты. Бұл үйлердегі жеделсатыларға алматылық "Каспий лифт" мекемесі жауапты. Әкімдікегілер оларды тауып, жауапқа тартатындарын айтты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір