• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 15:07:37
Алматы
+35°

25 Маусым, 2018 Аймақтар

Атыраудағы 40 жетім бала жазғы демалыстарын Италияда өткізеді

Атыраудағы 40 жетім бала жəне аз қамтылған отбасылардың балалары жазғы демалыстарын Италияда өткізеді

Атыраудағы 40 жетім бала жəне аз қамтылған отбасылардың балалары жазғы демалыстарын Италияда өткізеді.

Балалардың шетелге барып демалуларына жолдаманы Атырау облысының білім басқармасы қамтамасыз етуде, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау қаласының халықаралық әуежайынан 40 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар Италияның Чезенатико қаласында орналасқан жазғы демалысқа аттанды. Балаларды қамқоршылары мен достары шығарып салды.
Италиядағы екі апталық демалысқа облыстық білім беру басқармасы қаражат бөлген.

Атырау

«Шаңырақ» отбасылық типтегі балалар ауылының тәрбиеленушілеріне 7 билет берілді; 32 жолдама қалалық және аудандық білім беру бөлімдерінің қамқоршы және қамқорлықтағы балаларға, сондай-ақ, патронаттық тəрбиедегі балаларға, 1 жолдама №4 облыстық санаторлық-интернатының тәрбиеленушісіне берілді.

Балаларды Атырау қаласындағы №12 орта мектептің мұғалімдері, дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернатының ұстаздары, сондай-ақ ағылшын тілін жетік меңгерген аға оқытушылар жетекшілік етіп барады.

Атырау

Мен үшін биылғы жазғы демалысым өте қызықты болатынына өте қуаныштымын. Бұл сапарда жаңа достар табамын, ағылшын тілін тереңірек меңгеріп, сәулет ескерткіштерін көретін боламын. Италиядағы ұмытылмас және әдемі орындарды көремін. Сапардан алған әсерім, мен үшін өмір бойы есімде қалатын болады,- дейді № 12 орта мектептің оқушысы Əсемай Нұржігітова.

Атырау

Балалардың «Аджип Карачаганак Б.В.» компаниясының әлеуметтік жауапкершілігіне байланысты шетелдік лагерьде демалуға мүмкіндіктер алды. Италияда жазғы демалыс күндері 3 шілдеге дейін жалғасады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір