• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 13:09:14
Алматы
+35°

16 Шілде, 2018 Аймақтар

Атырауда жылжымайтын мүлік нарығында бағаның төмендеуі болжамдалуда

Салынып жатқан тұрғын үй көлемінің ұлғаюы жылжымайтын мүлік нарығында бағаның төмендеуіне оң әсерін тигізеді

Салынып жатқан тұрғын үй көлемінің ұлғаюы жылжымайтын мүлік нарығында бағаның төмендеуіне оң әсерін тигізеді деп хабарлайды Атырау қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

2018 жылы өңірде 3892 пәтерлік 44 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды, 34 үй осы жылы пайдалануға беріледі. Облыс орталығында 39 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, қалғандары – аудандарда.

Бұл Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы тұрғын үй құрылысы бойынша ең жоғарғы көрсеткіш болып табылатынын атап өту қажет.

Атырау қаласының әкімі Алимұхаммед Құттұмұратұлы «Береке» ықшам ауданындағы тұрғын үй құрылысын тексеріп шығып, қарамағындағыларға бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Мұндай көп тұрғын үйдің құрылысы жеке құрылыс салушылар тарапынан қызығушылықтың жоғары болуының нәтижесінде мүмкін болды. Облыс басшылығымен өңірдің инвестициялық ахуалын жақсарту бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды, бұл өз кезегінде Атырауда құрылыс саласында серпілісін тудырды, - деп атап өтті Алимұхаммед Құттұмұратұлы. – Біздің міндетіміз өз қаражатын тұрғын үй құрылысына инвестициялағысы келетіндер үшін мейілінше қолайлы жағдайлар жасау. Бұл өз кезегінде ипотекалық тұрғын үй нарығында бағаның төмендеуіне оң әсерін тигізеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір