• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:29:20
Алматы
+35°

13 Сәуір, 2018 NEWS

Атырауда қасқыр орнына адамды атқан аңшыға сот шешімі шықты

Атырау қаласы №2 соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, аңшылар адамды қасқыр деп ойлаған.

Оқиға ағымдағы жылдың қаңтарында Махамбет ауданында болған. Атыраулық қаладан 20 шақырым жерде орналасқан  орман алқабына досымен бірге аңға шыққан. Ер адамда өзімен  бірге тіркелген қаруы болған. Бұл жайында Мой Город басылымы хабарлайды. 

Атырау қаласы №2 соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, аңшылар адамды қасқыр деп ойлаған.

— Жоспарлаған жерге орналасып болған соң ер адамдардың бірі қасқырға ұқсайтын екі адамды байқайды. Алайда оның қасқыр екеніне көз жеткізбей тұрып, оқ атқан. Сол сәтте бұтаның ар жағынан ер адамның дауысы естілген. Оқ атқан адам барғанда жаралының қасқыр емес адам екенін көрген, - дейді Атырау қалалық №2 сот баспасөз қызметі.

Сот кінәлінің өз қылмысын толықтай мойындағанын ескеріп, сонымен қатар бұрын істі болмағанын назарға алып 1 жыл бас бостандығынан айырды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір