• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 16:44:22
Алматы
+35°

14 Маусым, 2018 Аймақтар

Атырауда көшеден жарылмаған граната табылды

Атырау облысының Ішкі істер департаменті бұл ақпаратты растады.

Атыраудың шет жағындағы көшеден  жарылғыш зат табылды. Мой город баслымының хабарлауынша, жергілікті полиция «Контейнерный» мөлтек ауданын қоршауға алған. Бұл жайында Мой Город басылымы жазды. 

Атырау облысының Ішкі істер департаменті бұл ақпаратты растады.

— Қазіргі таңда Контейнерный ауданының бір көшесі қоршауға алынды. Полиция қажетті шараларды жүргізіп жатыр. Толығырақ кейін хабарланады, - деді Атырау облысы ІІД баспасөз қызметі.

Куәгерлердің айтуынша, қоршалған жерден атылмаған ескі әскери граната табылған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір