• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 04:07:06
Алматы
+35°

13 Қаңтар, 2018 Аймақтар

Атырауда коммуналдық қызметтер қауырт жұмыс істеуде

Қазір қар тоқтады. Қардан тазарту жұмыстары жалғасып жаты

Қарлы боран Атырауды да айналып өтпеді. Өткен түнде қаланың коммуналдық қызметтері қауырт жұмыс істеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі  «ҚазАқпарат» мәліметіне сүйеніп.

«Қалада 12 қаңтар күні түс ауа қар жауа бастады. Синоптиктер таңға дейін толастамайды деп болжам жасады. Сондықтан Атырау қаласының әкімі Серік Шәпкеновтің тапсырмасымен «Арнайы автобаза» ЖШС-ның қар күрейтін техникалары бес топқа бөлініп, жұмыс істеді. Көктайғақтың алдын алу мақсатында көпірлер мен жолдарға үш резервуар құм септі. Барлығы 28 арнайы техника жұмылдырылды. Таңға дейін қаланың ішіндегі жолдармен қоса, қала маңындағы ауылдық округтердің де жолдары қардан тазартылды», - деп мәлімдеме жасады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қазір қар тоқтады. Қардан тазарту жұмыстары жалғасып жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір