• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 17:59:51
Алматы
+35°

15 Ақпан, 2018 NEWS

Атырауда ер адам балаларын электр сымымен өлімші етіп сабаған

Атырау қаласы СМП шағын ауданында орналасқан үйінде мас күйінде кәмелеттік жасқа толмаған балаларын электр ұзартқышымен ұрып, жарақаттаған

Атырау қалалық мамандандырылған әкімшілік соты балаларын балағаттап, электр ұзартқышпен  ұрған ер адамды тұтқындады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі әкімшілік соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сотта анықталғандай, құқық бұзушы К. 2018 жылдың қаңтарында Атырау қаласы СМП шағын ауданында орналасқан үйінде мас күйінде кәмелеттік жасқа толмаған балаларын электр ұзартқышымен ұрып, жарақаттаған. Ер адам сот қаулысымен ҚР ӘҚБтК 73-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 15 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалды», деп хабарлады әкімшілік соттың баспасөз қызметі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір