• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 20:59:35
Алматы
+35°

05 Шілде, 2018 Аймақтар

Атырауда Астананың 20 жылдық мерейтойында 195 отбасына пәтер табысталды

Береке ықшам ауданындағы 195 пәтерлі 4 тұрғын үй «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы берілді

Атырауда Астананың 20 жылдық мерейтойында 195 отбасына пәтер табысталды

Береке ықшам ауданындағы 195 пәтерлі 4 тұрғын үй «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы берілді, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау

Осы жаңалықпен барлық жиналғандарды Атырау қаласы әкімінің орынбасары Полымбет Хасанов құттықтап, жаңа пәтер кілттерін тапсырды:
- Облыс басшысының тапсырмасына сәйкес, Атырауда біздің мемлекет басшысымен бекітілген бағдарламалар аясында тұрғын үйлердің құрылысы жүріп жатыр», - деді Полымбет Хасанов.- Біз тұрғындардың барлығына қолжетімді болатындай тұрғын үй құрылысын белсенді түрде жүргізіп жатырмыз. Бұл жарқын мереке - еліміздің астанасы күнінде 195 отбасы жаңа қонысқа көшті.
2018 жылы облыста 3892 пәтерлік 44 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды, биылғы жылы 34 үй пайдалануға беріледі. Облыс орталығында 39 үй салынса, қалғаны аудандарда. Айта кету керек, бұл рекордтық көрсеткіш тәуелсіздік жылдарындағы аймақтағы тұрғын үй құрылысының үлкен көлемі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір