• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 12:51:23
Алматы
+35°

15 Қаңтар, 2018 NEWS

Атырау - Астрахань тас жолында көлік апатынан бес адам қаза тапты

Қазақстанның батыс өңірінде ірі жол апаты болып, бес адам қаза тапты, тағы бес адам ауруханаға жатқызылды

Қазақстанның батыс өңірінде ірі жол апаты болып, бес адам қаза тапты, тағы бес адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі өңірлік Мой ГОРОД басылымына сілтеме жасай отырып.

 

Жол апаты 14 қаңтарда күндіз Атырау-Астрахань тас жолында Ерғалиев атындағы ауылдан бес шақырым жерде болған.

"Hyundai Accent пен "ВАЗ-21015" көліктерінің соқтығысуынан бес адам қаза тапты: "ВАЗ-21015"  көлігінің 60 жастағы жүргізушісі, 40 және 57 жастағы екі әйел, 29 жастағы жігіт пен 60 жастағы жолаушы", — деп хабарлады Атырау облысы ІІД баспасөз қызметі.

Hyundai Accent көлігінің жүргізушісі мен жолаушылары Исатай ауданы Аққыстау ауылының ауруханасына жеткізілген.

Жол апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, бірқатар сараптама тағайындалды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір