• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 18:57:27
Алматы
+35°

06 Маусым, 2017 Кәсіпкер

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев Елбасының қабылдауында болды

Елбасы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаевты қабылдады деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. 

Елбасы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаевты қабылдады деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. 

Кездесу барысында Мемлекет басшысына «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының қазіргі қызметі жөнінде мәлімет берілді.

Нұрсұлтан Назарбаев шағын және орта бизнесті қолдаудың маңыздылығына тоқталып, бұл бағыт бойынша мемлекет қабылдаған шаралардың нәтижелерін атап өтті.

- Соңғы кезде біз құқық қорғау органдары арқылы да, жергілікті органдар арқылы да шағын және орта бизнесті қолдауға арналған көптеген маңызды шешімдер қабылдадық. Мұның ішінде шағын несие беру мәселесі де, жұртты бизнеске үйрету мәселесі де бар, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының аймақтардағы іс-қимылымен, оның ішінде жұртшылыққа бизнес жүргізу негіздерін үйрету саласындағы жұмыстарымен танысты.

- Біз өткен жылы «Бастау» бағдарламасын бастадық. Бұл – 30 күн ішінде алдын-ала іріктеу өткізіп, жұртқа бизнестің әліппесін ұғынуға мүмкіндік беретін айлық оқу курсы. Әкімдіктермен бірлесіп, шағын қаржы ұйымдарын құрып, бітірушілерді қаржыландырдық.  Біз бұл бағдарламаны Үкіметке ұсындық және қолдауға ие болдық. Биылғы жылы 1 миллиард 200 миллион теңге бөлінді. Бағдарлама аясында еліміздің 80 ауданында жұмыс жүргізіп, 15 мың адамды оқытатын боламыз, – деді Т.Құлыбаев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір