• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 05:01:47
Алматы
+35°

16 Қазан, 2017 Саясат

Атамбаевтың ендігі жайы не болмақ?

Қырғызстанда президенттік сайлау өтті

Атамбаев премьер-министр болу арқылы билікке қайта келу туралы жоспарды жоққа шығарды. Конституциялық реформалар аяқталғаннан кейін ел президентінің құзіреті азайып, керісінше премьердің құзіреті артады. Бұл оның билікті өз қолында ұстап қалатын елдің көлеңкелі лидері болады деген жорамалдар жасауға себеп болды.
 
Тағы бір шындыққа сәйкес келетін нұсқа - "рухани көшбасшы", Атамбаев өзін әлемге қырғыз революциясы мен Орта Азиялық демократияның ар-ұяты, мемлекет мүддесін қорғайтын шындықтың жаршысы ретінде көрсеткісі келуі де әбден мүмкін. Оны "рухани көшбасшы" деп атау қиын, әрине.
 
Енді бір нұсқада ол Путин президенттік еткен кезде қор ашып алған Ельциннің кебін киюі ықтимал. 2007 жылға дейін ол демократиялық дәстүрлер бойынша Ресейдің бағыты дұрыс па деген сынайда пікірлер айтып қана жүрген болатын.
 
Атамбаев тым әуестеніп кетсе, өз айналасымен бір ымыраға келуі тиіс жаңа президент үшін бас қайғыға айналатыны сөзсіз. Бірақ, Орталық Азия үшін бір саяси жүйе аясында бұрынғы және жаңа президенттердің өзара ықпалдастық тәжірибесі құнды болмақ.
 
Асқар Нұрша,
ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір