• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:54:00
Алматы
+35°

22 Қараша, 2017 Әлем

Атамбаев Путинді I дәрежелі «Манас» орденімен марапаттады

2015 жылдың шілдесінде Атамбаев Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты да I дәрежелі «Манас» орденімен марапаттаған.

Қырғызстан басшысы Алмазбек Атамбаев Ресей президенті Владимир Путинді республиканың жоғары мемлекеттік марапаты – «Манас» орденімен марапаттады. Бұл туралы қырғыз басшысының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Атамбаев аталмыш жарғыға сәрсенбіде қол қойған.

«Алмазбек Атамбаев Қырғыз Республикасы мен Ресей Федерациясының ынтымақтастығының дамуы мен беріктігіне үлес қосқаны үшін Ресей президенті Владимир Путинді I дәрежелі «Манас» орденімен марапаттады», - делінген баспасөз хабарламасында.

«Манас» ордені Қырғызстанның жоғарғы мемлекеттік марапаты болып 1996 жылы бекітілген. Ол үш дәрежеден тұрады, мемлекеттің және демократиялық қоғамның, халықтың бірлігін, елдің экономикалық, рухани және интеллектуалды әлеуетін қорғау мен нығайтуға зор үлес қосқандар «Манас» орденімен марапатталады.

Айта кетейік, 2015 жылдың шілдесінде Атамбаев Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты I дәрежелі «Манас» орденімен марапаттаған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір