• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 08:47:25
Алматы
+35°

18 Қазан, 2017 NEWS

Атамбаев: Назарбаев та мен секілді аңқау адам... (видео)

Қырғызстанның Президенті Алмазбек Атамбаев студенттерге президенттік степендия берер кезде,қазақ-қырғыз шекарасындағы мәселеге Назарбаевтың жанындағы...

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев студенттерге президенттік стипендия табыстар кезде, қазақ-қырғыз шекарасындағы мәселеге Назарбаевтың жанындағы шенеуніктер кінәлі екендігін айтты, — деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Кыргызстан сайтына сілтеме жасай отырып.

Еске сала кететін болсақ, Алмазбек Атамбаев осыдан біраз уақыт бұрын Қазақстандағы билікті сынға алған болатын. Осы жағдайдан кейін 10-шы қазаннан бастап Қазақстан қазақ-қырғыз шекарасындағы бақылауды күшейтті.

«Қазақстаннан басқа да көрші елдер бізге қысым көрсеткісі келді. Ислам Кәрімовтың кезінде Қырғызстанның кей аймағында жарты жылға жуық газ бен жарық болмады. Бірақ Өзбекстанмен қазіргі ара-қатынасымыз Қазақстанмен қарым-қатынасқа қарағанда әлдеқайда жақсы. Біз Қытай, Тәжікстан елдерімен де жақсы қарым-қатынастамыз», — деді Атамбаев.

Оның сөзіне сүйенсек, Қазақстан  шекарадағы мәселе арқылы Қырғызстанды Ресейден алыстатуды мақсат етіп отыр.

«Менің ойымша, Назарбаев бұл туралы тіпті білмейді де. Себебі ол барлық президенттер секілді қасындағы өз қарабастарын ойлайтын  шенеуніктер мен басшыларға сенеді. Сонымен бірге олардың батыс елінде банк шоттары бар. Олар Назарбаевтан кейінгі жағдайды, өз байлықтарын қалай сақтап қалу керектігін ойлап отыр», — деп мәлімдеді Атамбаев.

«Мүмкін мен Назарбаев туралы қызуқандылықпен қате пікір айтқан шығармын. Бұл туралы ұзақ ойландым.  Назарбаев та мен секілді аңқау адам, оның мәселелері көп болуы да әбден мүмкін. Ол қасындағы шенеуніктерге сеніп отыр», — деді Алмазбек Атамбаев.

Оның пікірінше, олигархтардың басты мақсаты – АҚШ еліне жағыну. Сонымен бірге Қырғызстан президенті Қазақстанның латын әліпбиіне көшуі де тегін емес деп санайды.

Әсел Болатқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір