• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 17:09:34
Алматы
+35°

14 Қазан, 2017 NEWS

Атамбаев: Кезінде қазақ біздің халқымыздың арқасында аман қалған (видео)

Әскерилердің алдында сөз сөйлеген Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев "қырғыз-қазақ шекарасында орын алған,

Әскерилердің алдында сөз сөйлеген Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев "қырғыз-қазақ шекарасында орын алған, Еуразиялық экономикалық одақтың барлық нормалары мен келісімдері бұзылып жатқан шектен шыққан жағдайға" қатысты өз ойын айтып өтті, — деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

"Біздің халық көп қиындықты басынан кешірді. Үш мыңжылдық тарихы бар халық ешқашан үш күндік қоршау қорқыта алмайды, ешқандай қысым, ақша, қорқыту әрекеттерінің салдарынан шетелдің қалаған "адамдарын" сайламайды… Егер кімде кім өз көршісінің үйін өртегісі келсе, желдің бағыты өзгеріп, өз үйін де өрт шалуы мүмкін екен есте сақтау керек. Біз сияқты көршілес елдерге бейбіт қарым-қатынаста, достықта өмір сүріп, бір-біріне көмектесу қажет. Қазақстанда болған аштық кезінде жүз мыңдаған қазақ соңғы нанымен бөліскен біздің халқымыздың арқасында тірі қалды. Сол уақыттан бері қазақ пен қырғыздың қаны араласып, туыс-бауырдай болған. Біздің түп тамырымыз бір. Әрбір қырғыздың қанында қазақтың қаны, әрбір қазақтың қанында қырғыздың қаны бар. Менің бұрынғы әжем де қазақ болған. Менің алғашқы немерем де қазақ",  — деді Атамбаев салтанатты жиын кезінде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір