• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 21:26:35
Алматы
+35°

20 Қазан, 2017 NEWS

Астанадағы халықаралық әуежайға айыппұл салынды

Авиациядық отынды сатуға қатысты келісімдердің де ережеге сай орындалмағаны белгілі болды.

Астанадағы халықаралық әуежайға 23,6 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі 24.kz порталының мәліметіне сүйеніп.

 Бұл туралы табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің ресми сайтында жарияланды. Ондағы ақпаратқа сай, әуежайдың бірнеше келісімшарт жасауда заңсыз әрекеттерге барғаны анықталған.

Атап айтқанда, мұнай өнімдерін сақтау үшін қолданылатын ыдыстарды жалға алу шарттары бұзылған. Сондай-ақ авиациядық отынды сатуға қатысты келісімдердің де ережеге сай орындалмағаны белгілі болды. 

Айта кетейік, Астана қаласының әкімшілік соты осы жылдың тамыз айында әуежайға айыппұл салу жөнінде шешім шығарған еді. Ал акционерлік қоғам басшылары мұнымен келіспей, апелляциялық шағым түсірген болатын. Алайда Астана қалалық соты шешімді өзгеріссіз қалдырып, әуежайды әкімшілік жауапқа тарту жөнінде шешім шығарды.   

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір