• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 12:49:37
Алматы
+35°

01 Ақпан, 2018 Әлеумет

Астанадағы пәтерлердің неге салқын болатыны анықталды

Орташа есеппен астаналық тұрғын үшін бір шаршы метрді жылыту құны айына 70 теңге болса, 60 шаршы метр жұмсалатын шығын көлемі 4200 теңге.

Астанадағы  пәтерлердің көбі орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Соның өзінде кейбір үйлердегі ауа температурасы  басқа пәтерлермен салыстырғанда төмен. Мұның себебін және жоғалған жылуды қалай қайтаруға болатыны туралы  «Астанаэнергосервис» АҚ баспасөз қызметі айтып берді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Пәтердің салқын болуына бірнеше фактор әсер етуі мүмкін. Оның ішіндегі ең жиі кездесетіні жылу изоляциясының нашар болуы. Мамандар ең алдымен есік-терезелерді тексеру жөнінде кеңес береді. Үйдегі жылудың 30-40 пайызы осы жерден жоғалатынын естен шығармауымыз қажет. Есік-терезесі сапалы үйде жылу 1,5 есе сақталады», - делінген баспасөз хабарламасында.

«Астанаэнергосервис» АҚ-ның хабарлауынша, көпқабатты панельді үйлердің тұрғындары қабырға жағынан қиындық көруі мүмкін. Әсіресе жылыту батареясы мен қабырға арасындағы кеңістікке көңіл бөлу керек. Осы аралыққа бір қабат жылу шашатын  материал орнату керек.

Үйдің салқын болуына себеп болатын тағы бір фактор – жылытқыштың жеткілікті дәрежеде қызымауы. Бұл жылыту құрылғысының ішіне ауа немесе құрылыс қоқысының тұрып қалуынан болады. Кейде зауыттан шыққан ақау әсер етуі де мүмкін.

«Осындай факторларды елемейтін тұрғындар мәселені  жылу жеткізушілерден іздейді. Кейбір пәтерде +30, оның көршісінде + 15. Ал  жылу шығыны барлық үйге бірдей бөлінеді», - дейді компания мамандары.

Жылу берушілердің айтуынша,  көп қабатты үйдің тұрғындары пәтерлерінің тым ыстық екендігін де айта бермейді. Бір пәтердің ыстық болуы  үйдің жылынуындағы тепе-теңдіктің бұзылуының белгілері. Мәселенің алдын алса, жылу шығыны барлық тұрғындарда кемитін еді.

Орташа есеппен астаналық тұрғын үшін бір шаршы метрді жылыту құны айына 70 теңге болса, 60 шаршы метр жұмсалатын шығын көлемі 4200 теңге.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір