• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 19:58:03
Алматы
+35°

Желіде Астанадағы орталық сауда орнында эскалаторда қолы қысылып қалған 2 жастағы қыздың видеосы жарияланды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Анасы мен қызы эскалатормен түсіп келе жатқанда қыздың қолы эскалаторға қысылып қалған. Бір топ азамат эскалатор жүріп кетпеуі үшін оны ұстап тұр. Видеодан ер адамдардың қызды эскалатордан шығаруға әрекеттеніп жатқанын көруге болады.

Видеоны түсіріп тұрған әйел сауда орталығындағы ер адамдарды көмектесуге шақырып, жылап тұр. 

Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің таратқан мәліметіне сәйкес, оқиға 22 мамырда болды. Эскалатордағы апатты жағдайдың салдарынан 2 жастағы қыз зардап шекті. Жедел жәрдем шақыртылып, қыз Астандағы №2 балалар ауруханасына жеткізілді.

Оған хирургиялық көмек көрсетілді. Астана қаласы әкімдігі таратқан мәліметке сәйкес, қазір қыздың жағдайы қалыпты.

Интернетте тараған видеоны желі қолданушылары қызу талқылап жатыр. Олардың бірі мұндай апатты жағдайдың орнауына Астана қаласы әкімдігін айыптаса, енді бірі Қазақстан бойынша лифт, эскалаторды жіті тексеруден өткізуін талап етіп отыр. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір