• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 11:43:11
Алматы
+35°

24 Мамыр, 2018 NEWS

Астанадағы дауылдан кейінгі шығын көлемі 200 миллион теңгеден асты

"Бүлінген жерлерді қалыпқа келтіру үшін шамамен 235 миллион теңге қажет",-деді Астана қаласы ТЖД Төтенше жағдайды ескерту бөлімінің басшысы Еркін Отарғалымұлы.

Астанадағы дауылдан келген шығын көлемі 200 миллион теңгені құрады - деп хабарлайды  Tengrinews.kz . 

Брифинг кезінде Астана қаласы ТЖД Төтенше жағдайды ескерту бөлімінің басшысы Еркін Отарғалымұлы дауылдан келген шығын әлі де есептеліп жатқанын, дегенмен алдын ала есеп жасалғанын мәлімдеді. 

"Шығын есептеліп жатыр, әлі аяқталған жоқ. (...) Кеше зардапты жою штабының жедел кеңесі өтті, тапсырмалар беріліп, барлық ақпарат өңделді. Бүлінген жерлерді қалыпқа келтіру үшін шамамен 235 миллион теңге қажет", - дейді ол. 

Еске салайық, 22 мамырда Астанада жауын басталып, артынан қатты дауыл болып, бұршақ жауған. Қала тұрғындары барлығын видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерге жүктеген.  "Қазгидромет" РМК мәліметінше, 22 мамырда елорда аумағында жел жылдамдығы секундына 25 метр болған. Ал дауыл салдарынан 13 адамның зардап шеккені хабарланды.  Ал  "112" жедел қызметіне түрлі сипаттағы қоңыраулар шалынған: кранның құлағанытуралы, шатыр, қоршау, үй, мектеп, балабақша мен өзге де ғимараттардың сыртының қаптамалары ұшқаны жайында. Сонымен қатар, түрлі заттардың құлауынан 16 көлік бүлінгені де хабарланған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір