• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 06:38:44
Алматы
+35°

21 Шілде, 2018 NEWS

Астанада жанып түтін шарпыған пәтерден ер азаматты құтқарылды

Пәтерде егде тартқан ер азамат қалып, өз еркімен басапанадан шыға алмай жатыр екен

Кеше кешкісін Астанада Бейбітшілік пен Молдағұлова көшелерінің қиылысында Ұлттық ұлан әскерилері сержант Айзат Дүйсекеев пен қатардағы Александр Сущикке бір әйел адам келіп, түтіндеп жатқан үйден ер азаматты құтқаруға жәрдем жасауын сұрайды.

Оның айтуынша пәтерде егде тартқан ер азамат қалып, өз еркімен басапанадан шыға алмай жатыр екен. Бейбіт тұрғындарға көмекке келуді парызы санайтын жауынгерлер бірден түтіндеп жатқан пәтер жаққа қарай жүгіреді.

Сөйтсе, түтін күллі подъездге тарап, адам өміріне қауіп төндіре бастаған екен. Бұған сескенбеген ұландық әскерилер түтін арасынан пәтерге кіріп, бөлме еденінде есінен танайын деп жатқан ер адамды байқайды. Жедел қимылдаған әскерилер оны қауіпсіз жерге шығарып, басқа тұрғындардың да шығуына жәрдем жасайды.

Өрттен құтқару қызметі мен жедел медициналық жәрдем келгенше ұландықтар тұрғындардың қауіпсіздігі үшін қолдан келгенін жасаған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір