• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 10:46:25
Алматы
+35°

14 Желтоқсан, 2017 Аймақтар

Астанада жаңадан екі көпір салынады

Қазіргі таңда Тәуелсіздік даңғылын сол жағалаумен жалғайтын көпір жобалану кезеңіңде

Есіл өзені мен Нұра-Есіл арнасы арқылы екі көпір салынады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығына сілтеме жасап. 

Астана қаласы осы жиырма жыл ішінде түрленіп дамып, гүлденіп өсу үстінде. Жыл сайын астанамызда жаңа нысандар бой көтеруде. Елорданың жол көлік қатынасын дамытуда, көлік кептелісін төмендету мақсатында қала әкімдігі бар мүмкіндіктерді жасауда. Қала даңғылдары мен көшелерінде оңға бұрылу жолағын салу сол істердің бір парасы.

Сонымен қатар, Астанада жаңадан екі көпір салынады: бірі Есіл өзені үстінен, екіншісі Нұра-Есіл каналы арқылы. Нұра-Есіл арнасы арқылы өтетін көпірдің құрылысы 2017 жылдың шілдесінде басталған, 2018 жылы көпір құрылысын аяқтау жоспарлануда. Көпірдің ұзындығы – 40,98 п.м., көпірдің көлемі – Г-(16,0 м+16,0)+2х5,5 м, көпірдің сызбасы – 1х33,0 м, көпірдің ені – 51,4 м болады.

Ал, Есіл өзені үстінен салынатын көпір Тәуелсіздік даңғылы арқылы қаламыздың оңтүстік шығыс бөлігін сол жағалаумен жалғайтын болады. Есіл өзені арқылы салынатын көпірдің ұзындығы – 263,22 м, көлемі – 2х (Г-18,25 м)+2х3,0 м, сызбасы – 70+120+70 м, түсі металды, ақ болады.

Қазіргі таңда Тәуелсіздік даңғылын сол жағалаумен жалғайтын көпір жобалану кезеңіңде. Екі көпір де үш жолақты болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір