• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 05:57:09
Алматы
+35°

06 Наурыз, 2018 Саясат

Астанада Сирия бойынша келіссөздер өтеді

Астанадағы министрлер кездесуі бақылаушылар мен Сирия өкілдерінсіз өткізілуі жоспарланып отыр.

2018 жылы 16 наурызда Иран Ислам Республикасы, Ресей Федерациясы және Түркия Республикасының сыртқы істер министрлері Астанада кездеседі деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

15 наурызда лауазымды тұлғалардың, сондай-ақ бірлескен жұмыс тобы мен тұтқындарды босату, қаза тапқандардың денелерін табыстау және із-түзсіз жоғалғандарды іздестіру бойынша жұмыс тобы кездеседі. 

Астанадағы министрлер кездесуі бақылаушылар мен Сирия өкілдерінсіз өткізілуі жоспарланып отыр. Ресей сыртқы істер министрлігінің ақпараты бойынша, кездесуге БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі Стаффан де Мистура шақырылады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір