• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 18:56:21
Алматы
+35°

19 Қазан, 2017 NEWS

Астанада құтқарушылар мен өрт сөндірушілерге құрмет көрсетілді

Жиын қорытындысы бойынша аудандық ТЖБ жеке құрамдарына алғыс хат табыстау рәсімі өтті.

 

Құтқарушылардың кәсіби мерекесіне орай өткен іс-шарада тілсіз жаумен күресіп, 2 адамның өмірін аман алып қалған аға өрт сөндіруші-құтқарушы Данияр Мұхамеджановтың ерлігі ерекше аталып  өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің медиа орталығына сілтеме жасай отырып.

Бүгін, 19 қазанда Құтқарушылар күніне арналған салтанатты жиын барысында «Сарыарқа», «Есіл» және «Алматы» аудандарының әкімдері Төтенше жағдайлар басқармаларының қызметкерлері мен өрт сөндірушілерді кәсіби мерекесімен құттықтап, жанкешті қызметі мен төтенше жағдайларды жою кезіндегі ерлігі үшін шынайы алғысын білдірді.

«Ағымдағы жыл ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізумен есте қалды. Сіздердің міндеттеріңіз ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу кезеңінде ықтимал төтенше жағдайларға уақытылы ден қою, өрт қауіпсіздігін сапалы қамтамасыз ету болатын. Бірлескен жұмыс пен кәсібиліктік арқасында Сіз алдыңызға қойылған міндетті абыроймен орындадыңыз», - деп тоқталды «Есіл» ауданы әкімінің орынбасары А.Қайыржанов.

«Департаменттің жеке құрамын, азаматтық қорғау органдары мен бөлімшелерінің ардагерлерін кәсіби мерекесі – Құтқарушы күнімен құттықтаймыз! Сіздердің қашанда жедел, нақты және үйлесімді әрекет ететіндеріңізге, кәсіби шеберліктеріңіз, білімдеріңіз бен күштеріңіз адамдардың өмірін құтқару игі ісінде қызмет ететіне сенімдімін», - деді ол.

 Жиын қорытындысы бойынша аудандық ТЖБ жеке құрамдарына алғыс хат табыстау рәсімі өтті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір