• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 07:12:22
Алматы
+35°

14 Ақпан, 2018 Саясат

Астанада өтетін Сирия жөніндегі келіссөз кейінге қалдырылды

Астанада өтетін Сирия жөніндегі кезекті келіссөз Ресей, Иран және Түркияның сыртқы істер министрлерінің кездесуінен кейін, келесі айда өтетін болды.

Астанада өтетін Сирия жөніндегі кезекті келіссөз Ресей, Иран және Түркияның сыртқы істер министрлерінің кездесуінен кейін, келесі айда өтетін болды. Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов хабарлады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Былтыр 21-22 желтоқсанда Астанада кездескен бітімгерлер ақпан айында тағы бас қосамыз деп келіскен. Айдың басында да Әбдірахманов ақпанның 20-сында жаңа келіссөзге дайындалып жатқандарын мәлімдеді.

«Астана процесіндегі кепіл мемлекеттер — Ресей, Түркия және Иран алдымен сыртқы істер министрлердің басын қосуды жоспарлап отыр. Бұл кездесу де Астанада өтуі мүмкін», - деді ол.

Қазақстан сыртқы істер министрінің сөзінше, Таяу Шығыстағы қазіргі жағдайларға байланысты бәрінің жұмыс кестелері өте тығыз. Сол себептен кездесулер наурыз айында жоспарлануы мүмкін.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір