• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 02:25:53
Алматы
+35°

01 Сәуір, 2018

Астанада Мұратбек Хайролданың ән кеші өтеді (видео)

Мұратбектің ән кешінде Бағдат Сәмединова, Нұрлан Албан, Роза Әлқожа, Нұрғали Тұрлыбеков сынды қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары өнер көрсетеді.

«Астана» концерт залында (Конгресс-холл) талантты әнші, «Қазақстан дауысы» жобасының жеңімпазы Мұратбек Хайролданың «Қазақ дарасы біздер» атты жеке ән кеші өтеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Мұратбек Хайролда – ән әлемін дүр сілкіндірген дара дауыс иесі. Жас дарын 2015 жылы «Қазақстан дауысы» жобасында оза шауып, жүздеген үміткердің ішінен суырылып шықты. Мәдениет майталмандары Мұратбектің табиғи талантын тап басып танып, өнерін жоғары бағалады. Көпшілік көрермен де қандасымыздың әншілік қабілетіне тәнті болып дауыс берді. Содан бері Мұратбек Хайролда шығармашылығын шыңдап, қазақ эстрадасында өзіндік үні бар жезтаңдай әншіге айналды.

Қазақ дауысы біздер

Мұратбектің ән кешінде Бағдат Сәмединова, Нұрлан Албан, Роза Әлқожа, Нұрғали Тұрлыбеков сынды қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары өнер көрсетеді.

Басталуы 2017 жылдың 8 сәуірінде, сағат 17:00-де.

Келіңіздер, көріңіздер! Қапы қалмаңыздар!

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір