• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 02:54:12
Алматы
+35°

17 Сәуір, 2018 Спорт

Астанада ММА апталығы өтеді (фото)

Мамыр айында Астанада «ММА апталығы» спорттық шарасы аясында ММА аралас жекпе-жегінен Қазақстанның VI чемпионаты өтеді.

Мамыр айында Астанада «ММА апталығы» спорттық шарасы аясында ММА аралас жекпе-жектен Қазақстанның VI чемпионаты өтеді. Бұл туралы Қазақстан ММА федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

8-11 мамыр аралығында ел аумағынан жиналған кіл мықты спортшылар Қазақстан чемпионы атағы үшін бақ сынасады. Жарыстар 14 салмақ дәрежесінде ерлер мен әйелдер арасында өтеді. «Қазақстан әлемдік әуесқой ММА-да бес жыл қатарынан көшбасшы орында келеді. Ал биыл Қазақстанның VI чемпионатында алғаш рет жасөспірімдер қатысқалы жатыр.

ММА

Осы орайда ММА бойынша Қазақстанның ұлттық құрамасының қазіргі мүшелерінің соңынан лайықты ізбасарлары еріп келе жатқаны қуантады. Біз жасөспірімдер арасында да халықаралық аренада жоғары орындардан көрінуге ниеттіміз», - деді Қазақстан ММА федерациясының бірінші вице-президенті Асылбек Дүйсенов. 11 мамырда ММА-дан ҚР чемпионатының финалы өтеді, онда әуесқойлар арасында үздіктер анықталады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір