• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:37:47
Алматы
+35°

15 Тамыз, 2017

Астанада «Евгений Онегин» романының сахналық қойылымы өтеді

Театр актерлері көрермендер назарына Александр Сергеевич Пушкиннің өлмес шығармасы – «Евгений Онегин» романының сахналанған нұсқасын ұсынады

16 және 17 тамыз күндері сағат 19:00 М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры сахнасында осы жаздың көптен күттірген спектаклінің тұсаукесері өтеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Театр актерлері көрермендер назарына Александр Сергеевич Пушкиннің өлмес шығармасы – «Евгений Онегин» романының сахналанған нұсқасын ұсынады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарын жарқын, есте қалатын, басқа ешбір қойылымға ұқсамайтын спектакль күтуде. Оны тамашалаған көрермендер «Мәдениет энциклопедиясын» қайта оқып, орыс әдебиетінің алтын ғасырына үңіле алады, – дейді театрдың шығармашылық ұжымы. 

Ресейлік танымал театр режиссері Юрий Квятковский көрермендер үшін Пушкин шығармасын жаңа, күтпеген, ойламаған қырынан ашады. Қоюшы режиссер ХХІ ғасыр адамдарына «Евгений Онегин» романын терең түсіндіру үшін сахнада жаңа әрекеттер мен айла-тәсілдерді қолданады.

Спектакль Ресей Федерациясы театр қайраткерлері Одағымен бірлесе қолға алуда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір